ӘЛ-МУРШИДА АҚИДАСЫ
Мешіт мұнараларынан оқылған ақида
Салахуддин əл-Аюбидің мешітте əр күні кешке минбарда оқуға əмір еткен ақидасы!
Фахруд-Дин Ибн-'Асакирдің хатынан VI ғасыр хижри.
«Біл, Алла тағала бізді хидаятта берік етсін, əр муқоллəф Алла Тағаланың Жалғыз Иелік Етуші екенін білуі керек. Ол бүкіл əлемді жаратты, жоғарыныда төменді де, 'Аршпен Курсиді, аспан мен жерді жəне ол екеуінің арасындағылардың бəрін Ол жаратты. Барлық жаратылыс Оның иелігінде, Оның қалауынсыз титтейде ешбірі əрекет жасай алмайды, Оның Жаратуында ешқандай серігі жоқ, Иелік етуінде де ешқандай серігі жоқ. Алла тірі жəне ешкімге мұқтаж емес, Оған шаршаумен ұйқы тəн емес. Ол бəрін білуші, көкте де жерде де ешнəрсе Оның білімінен тыс қалмақ емес. Ол бəрін Білуші, құрлықпен мұхиттардағыны, жəне əрбір түскен жапырақты, жəне жер астындағы əрбір дəнді, жəне əрбір құрғақпен сулықты Білуші. Ол əр затты біледі жəне əрнəрсенің санында біледі. Ол қалағанын Істеуші. Ол бəріне Құдіретті жəне бүкіл билік Оныкі, Ол Өзімен-Өзі бар жəне ештеңеге де, ешкімге де мұқтаж емес. Оған мақтаулар болсын, Ол Билеуші жəне аяқталусыз соңы жоқ, Ол үкім береді де, жаратады да. Барлық көркем есімдер Оған тəн. Алланың жаратуына ештеңе кедергі емес жəне Оның берген ниғметіне ештеңе тосқауыл емес. Ол Өзінің билігінде Өзі қалағанын істейді. Өзінің жаратылыстарына Өзі қалағандай үкім береді. Алла марапатты күтпейді жəне жазадан қорықпайды. Ол ешкімге ештеңеде қарыз емес жəне Ол ешкімге есеп бермейді. Əр игілік - Оның мейірімінен. Əр жазалау - Оның əділдігімен. Одан ешкім ештеңе сұрамайды керісінше, Ол жаратқандарынан сұрайды. Ол жаратылыстардан əуелде болды. Оған "дейін", "кейін", "астында", "үстінде", "оңында", "солында", "артында", "алдында" деген сөз тіркестері Оған мүлде тəн емес. Аллаға салмақ та, бөлік те тəн емес, жəне Аллаға "Қашан болды?" немесе, "қайда болды", немесе "Ол қандай" деген сұрақтар тəн емес. Алла басталусыз мəңгі болды. Ол əлемді жəне уақытты жаратты. Ол уақытқа да, мекенге де тəуелді емес. Оның қалауына ешкім бөгет емес. Оның болмысын ақылмен тану мүмкін емес.
Тіпті, оймен Оны елестету мүмкін емес. Оған ойменде бір бейне беруге болмайды. Оған ойменде, иллюзияменде жету мүмкін емес. Оған ештеңе ұқсас емес, Ол бəрін Естуші жəне Көруші».